Аусымдық жұмыс
- Аусымдық жұмыс дегеніміз не?
- Ауысымдық жұмыс қашан бекітілуі мүмкін?
- Ауысым кестесін құру кезінде нені ескеру керек?
- Аусымдық жұмыс кезінде еңбекақы төлеу
- Ауысымдық жұмыс кезінде түнгі, демалыс және мереке күндері еңбекақы төлеу
- Ауысымдық жұмыс кезінде үстеме жұмыс ақысын төлеу
- Жұмыс берушінің жұмыс уақыты нормасынан асып кеткені үшін жауапкершілігі
- Ауысымдық жұмыс кезіндегі еңбек шартының талаптары
Қарау. 2023 жылға арналған ауысымдық жұмыс кестесі бар еңбек шарттарының өзекті нұсқалары
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (қысқартылған – ҚР ЕК) 68 және 71 баптарымен жұмыс уақытының максималды ұзақтығы бекітілген:
- аптасына 40 сағаттан;
- ол күнделікті 8 сағаттан аспауға тиіс.
Бұл ережеден ерекшеліктер бар.
Еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек шарттарына сәйкес кәсіби өнер және мәдени демалыс ұйымдарының шығармашылық жұмыскерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері, спортшылар, жаттықтырушылар үшін күнделікті жұмыс ұзақтығының өзге түрі белгіленуі мүмкін.
Кейбір ұйымдарда ұйымның өзінің жұмыс режимі жұмыс уақытының максималды ұзақтығынан асады. Мұндай жағдайларда ауысымдық жұмыс бекітілуі мүмкін.
Аусымдық жұмыс дегеніміз не?
Бұл тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс. <ҚР ЕК 1 - бабы 1 - тармағы 6 - тармақшасы>
Бұл ретте, ауысымдық жұмыс жұмыскерлердің жұмыс уақытының (күнделікті және апталық) рұқсат етілген ұзақтығын ұлғайту мүмкіндігін көздемейді. Әр ауысым жұмысты тәуліктің әр уақытында орындайды, бірақ белгіленген жұмыс уақыты мен ауысымаралық үзілістерді сақтай отырып.
Егер де ұйым қызметінің ерекшелігі немесе жұмыскердің мүмкіндіктері күнделікті немесе апта сайынғы жұмыстың белгіленген ұзақтығының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, еңбекті ұйымдастырудың басқа әдістері қолданылуы керек, мысалы, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу немесе жұмыс уақытының жиынтық есебі.
Ауысымдық жұмыс қашан бекітілуі мүмкін?
Еңбек кодексінің 73 бабының 1 тармағына сәйкес, өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыстың жол берілетін ұзақтығынан асатын жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.
Мысалы, егер тамақтану орны немесе азық-түлік дүкені келушілер үшін тәулігіне 12 сағат, кесте бойынша сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін ашық болса, бұл 8 сағаттық жұмыс күнінен асады.
Ауысымдық жұмыс әдетте:
- тәулік бойы стационарлық көмек көрсететін, медициналық ұйымдарда;
- қоғамдық тамақтану орындарында (кафе, мейрамханалар);
- сауда нүктелері;
- ірі өндірістік объектілерде бекітіледі.
Ауысым кестесін құру кезінде нені ескеру керек?
Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту ауысым кестелерімен белгіленеді. Жұмыс беруші ауысым кестелерін осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жұмыскерлердің назарына жеткізеді.
<ҚР ЕК 73 - бабы 2, 3 - тармағы>
Ауысымдық кесте Жұмыс берушінің актісі болып табылады, тиісінше жұмыс беруші өндірістік қажеттілікті ескере отырып әзірлейді және бекітеді және екі тарап үшін де міндетті болып табылады. <ҚР ЕК 1 – бабы 1 - тармағы 41) тармақшасы>
Ауысымдық кестені жұмыскердің назарына жеке таныстыру арқылы немесе оларды курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жолдама жіберу жолымен жүзеге асырылуы тиіс. <ҚР ЕК 23 - бабы 2 - тармағы>
Ауысымдық кестеде құрамы, ауыспалы жұмыс ауысымдары, сондай-ақ әр ауысым үшін демалыс күндері (демалыс күндері) көрсетіледі.
Назар аударыңыз! Кодекстің 73 – бабының 4 – тармағына сәйкес, жұмыскерді қатарынан екі жұмыс ауысымы бойы жұмысқа тартуға тыйым салынады.
Жұмыскердің жұмыс ауысымының аяқталуы мен оның келесі ауысымының басталуы арасындағы уақыт кезеңі ауысымаралық демалыс болып табылады, ол 12 сағаттан кем болмауы керек. <ҚР ЕК 83 - бабы>
Сондай-ақ, кестеде демалу және тамақтану үшін үзіліс қарастырылуы керек, оның ұзақтығы жұмыс ауысымы кезінде кемінде жарты сағатты құрауы керек.
Демалу және тамақтану үшін үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртібі қағидаларында, еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді және жұмыс уақытына енгізілмейді.<ҚР ЕК 81 - бабы>
Аусымдық жұмыс кезінде еңбекақы төлеу
Ауысымдық жұмыс ерекше, бірақ жұмыс уақытының нормативтік ұзақтығын сақтайтын еңбек режимін қамтиды. Сондықтан еңбекақы төлеудің ерекше шарттары көзделмейді.
Алайда, егер компанияда жұмыс уақытының жиынтық есебі енгізілсе, онда ауысым кестесі бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс уақыты үшін төлем жасалады. Бұл ретте жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының балансына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық жалақы) және жұмыс уақытының айлық нормасы негізге алына отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
Ауысымдық кесте бойынша жұмыс істейтін персоналдың еңбекақысы туралы толығырақ.
Ауысымдық жұмыс кезінде түнгі, демалыс және мереке күндері еңбекақы төлеу
Кодекстің 110 бабына сәйкес, түнгі уақыттағы (сағат 22 ден 6 дейін)жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.
2020.05.04 № 321-VІ заңымен 110-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылды: "Түнгі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күніне тура келген кезде еңбекке ақы төлеу осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес түнгі сағаттарға және осы Кодекстің 109-бабына сәйкес мереке немесе демалыс күндерінің сағаттарына жеке жүргізіледі."
Кодекстің 110 бабына сәйкес, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
Сонымен қатар, сенбі және/немесе жексенбі 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін адамдар үшін демалыс күндері болып табылады. Ауысымдық кесте бойынша жұмыс істеу кезінде демалыс күндері кестеге сәйкес аптаның әр түрлі күндерінде кезекпен беріледі. Егер ауысым сенбі немесе жексенбіде болса, бұл күндер демалыс күндері емес, әдеттегі жұмыс күндері ретінде қарастырылады, сәйкесінше көтерілген төлем қарастырылмайды.
Ауысымдық жұмыс кезінде үстеме жұмыс ақысын төлеу
Кодекстің 110 бабына сәйкес, еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес:
- жұмысердің күнделікті (сағаттық) мөлшерлемесіне сүйене отырып, бір жарым мөлшерден төмен емес төлем - еңбекке уақытша ақы төлеу кезінде;
- жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің елу пайызынан төмен болмайтын мөлшерде қосымша төлем - кесімді төлем кезінде ақы төленеді.
Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмыс үшін бір сағаттан артық жұмыс үшін кемінде бір сағат демалу есебінен демалыс сағаттарын беруге жол беріледі.
Осылайша, артық жұмыс уақыты есептік кезеңдегі нақты жұмыс істеген сағаттар саны мен берілген кезеңдегі жұмыс уақытының балансы бойынша жұмыс сағаттарының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Үстеме жұмыс уақытын болжайтын ауысым кестелерін жасау кезінде осы шектеу қолданылмайтын мынадай жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыс уақытының шекті саны айына 12 сағаттан және жылына 120 сағаттан аспауға тиіс екенін назарға алу қажет:
- елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;
- денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі. <ҚР ЕК 77 - бабы>
Жұмыс берушінің жұмыс уақыты нормасынан асып кеткені үшін жауапкершілігі
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 89 бабы Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асырғаны үшін ескерту түрінде жауапкершілікті қарастырады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет :
- лауазымды адамдарға 40 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК мөлшерінде;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК мөлшерінде;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК мөлшерінде;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне –120 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы толығырақ.
Ауысымдық жұмыс кезіндегі еңбек шартының талаптары
Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбек шартының міндетті шарты болып табылады. <ҚР ЕК 28 - бабы>
Осыған байланысты, ауысымдық кесте бойынша жұмыс еңбек шартында көзделуі тиіс деп есептейміз.
Егер ауысымдық жұмыс бұрын стандартты кесте бойынша жұмыс істеген маманға белгіленсе (екі демалыс күнімен 5 күндік жұмыс аптасы), Кодекстің 33 және 46 - баптарының талаптарын ескере отырып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қою керек.
Задайте интересующий Вас вопрос и получите консультации профессиональных юристов
Задать вопрос-
Изменение графика работы в связи с посещением ребенком дошкольного учрежденияВозможно работнику(це) поменять график работы с 9:00 до 17:00 (на сокращённое время по причине - посещение ребенка дошкольного учреждения с 8:00 до 18:00 (ребенку 4 года).График работы может быть изменен в любое время по соглашению сторон трудового договора (работодателя и работника). Изменение графика работы допускается как с уменьшением размера заработной платы, так и без. В соответствии с пунктом 2 ст...
-
Обеденный перерыв по трудовому кодексу Республики КазахстанСколько часов должен быть перерыв на обед и можно ли работать без перерыва?См. Образцы трудовых договоров Основные законодательные требования к обеденному перерыву можно сформулировать следующим образом: предоставляется в обязательном порядке; минимальная продолжительность составляет 30 минут, максимальная продолжительность...
-
Работа сутки через трое - законно ли это?Вахтеры (охранники) работают по сменному графику сутки через трое, то есть 24 часа рабочая смена, затем три дня отдыхают. Насколько это законно?Полагаем, что указанный Вами режим работы (сутки через трое) нарушает нормы трудового законодательства по следующим причинам. В первую очередь обратимся к определению понятия "сменная работа", которое приведено в пп. 6) п. 1 ст. 1 Трудового кодекса. А име...
-
Обязан ли работодатель отпускать сотрудницу в школу за ребенком в рабочее время?Здравствуйте, я мать-одиночка, у меня двое несовершеннолетних детей (6 и 8 лет). Подскажите, есть ли в законах РК какие-либо условия, позволяющие в нужное время уходить с работы, например, если нужно в рабочее время забрать ребенка со школы? Мой непосредственный начальник утверждает, что таких условий нет.Здравствуйте! Действующее трудовое законодательство не содержит норм, обязывающих работодателя отпускать работника с работы в нужное для него время, даже если речь идет о необходимости забрать ребенка из школы. Статьей 82 Трудового кодекса предусмотрено...
-
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жұмыс режиміПоследнее обновление: 9.04.2023.
Дата публикации: 9.04.2023. -
Время отдыха и перерывы в работе в трудовом праве Казахстана (ежедневный отдых, внутрисменные и специальные перерывы)Последнее обновление: 10.04.2023.
Дата публикации: 5.06.2022. -
Производственный календарь на 2021 годПоследнее обновление: 24.03.2024.
Дата публикации: 4.04.2022. -
Баланс рабочего времени на 2022 год. Производственный календарь на 2022 годПоследнее обновление: 23.03.2024.
Дата публикации: 22.03.2024. -
Скользящий график работы в КазахстанеПоследнее обновление: 31.03.2024.
Дата публикации: 23.03.2024.
- ТОП 25 советов при открытии ИП – практические рекомендации юриста и бухгалтера
- С чего начать бизнес в Казахстане - практические советы начинающим предпринимателям
- Лучшее название компании и бренда - актуальные советы с примерами
- Актуальные вопросы нейминга - как выбрать наименование юридического лица в Казахстане?