Зейнеткер жұмыскерді зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан босату туралы қандай мерзімде хабарлау қажет?


Дата публикации: 16.05.2025
1511


Вопрос:

Жұмыскер екі аптадан кейін зейнетке шығады. Жұмыс беруші онымен еңбек қатынастарын жалғастыруға ниетті емес. Бұл туралы жұмыскерге қандай мерзімде хабарлау керек?

Ответ:

См. текст ответа на русском языке

ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында жұмыс беруші тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған жағдайда, жұмыс берушінің өз бастамасы бойынша жұмыскермен еңбек шартын бұзу құқығы көзделген.

ҚР Еңбек кодексінің 53-бабының 9-тармағына сәйкес осы негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.

Сәйкесінше, жұмыскерге осы негіз бойынша еңбек шартын бұзу туралы хабарламаны ол зейнеткерлік жасқа толған күннен кейін ғана жіберуге болады. Хабарламада жұмыс беруші айқындайтын, бірақ хабарлама жіберілген (тапсырылған) күннен бастап бір айдан ерте емес бұзылған күні көрсетілуі тиіс. Еңбек шартын бұзу туралы Бұйрықта жұмыстан шығарылған күн хабарламада көрсетілген күнге сәйкес келуі керек.

Міндетті сипаттағы өтемақыға назар аударыңыз. Егер ұйымның ұжымдық шартында немесе жұмыстан шығарылатын жұмыскермен жасалған еңбек шартында өтемақы мөлшері көзделмесе, онда оның мөлшері бұйрықтың өзінде көрсетілуі керек. Тәжірибеде әдетте бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы белгіленеді.

Сондай-ақ қараңыз: "Зейнеткер жұмыскерлер: зейнеткерлермен еңбек шартын жасасу және Қазақстанда зейнеткерлерді жұмыстан шығару"


Данный материал отражает личную точку зрения автора и носит рекомендательный характер. Материал основан на нормативных правовых актах, действующих на дату публикации.



Получите развернутый ответ на Ваш вопрос в короткие сроки

Задайте интересующий Вас вопрос и получите консультации профессиональных юристов

Задать вопрос
Часто задаваемые вопросы в категории "Трудовые отношения"
  • Можно ли находясь в отпуске написать заявление об увольнении по собственному желанию?
    Здравствуйте, работаю воспитателем в детском садике. Хочу уйти в оплачиваемый трудовой отпуск и одновременно написать заявление об увольнении по собственному желанию. Это возможно, или заявление об увольнении я могу написать только по выходу на работу.
    Трудовое законодательство не содержит норм, ограничивающих работника в праве на расторжение трудового договора по его инициативе в период нахождения в ежегодном оплачиваемом трудовом отпуске. Так, статьей 56 ТК РК предусмотрено, что работник вправе по сво...
  • Как оформить изменение заработной платы сотрудника?
    Здравствуйте! В нашей компании принято решение увеличить заработную плату отдельным сотрудникам. Как правильно оформить увеличение и можно издать один приказ сразу на несколько человек?
    Согласно действующему трудовому законодательству, в понятие "условия труда" входят в том числе условия оплаты. <пп.17 п.1 ст.1 ТК РК> Следовательно, увеличение оклада сотрудников является изменением условий труда (трудового договора). В соответстви...
  • Срок уведомления работника пенсионера об увольнении в связи с достижением пенсионного возраста?
    Работник через две недели выходит на пенсию. Работодатель не намерен продолжать с работником трудовые отношения. В какой срок необходимо уведомить об этом работника?
    См. текст ответа на казахском языке Подпунктом 24) пункта 1 статьи 52 Трудового кодекса РК предусмотрено право работодателя расторгнуть трудовой договор с работником по своей инициативе в случае достижения работником пенсионного в...
  • Баласы бар ажырасқан әйелді (жалғызілікті ана) жұмыстан шығаруға бола ма?
    Біздің компания басқа компаниямен бірігуіне байланысты қысқартуды жоспарлап отыр. 23, 20, 14, 11 жастағы төрт баласы бар ажырасқан әйелді қысқартуға бола ма? Немесе ол қысқартуға болмайтын адамдар санатына жатады ма? Үлкен қызы үйленген.
    См. ответ на русском языке ҚР Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу негіздерінің бірі болып табылады. ҚР Еңбек кодексінің 54-бабында көзделген негіздер бойынша жұмыс...
Полезные ответы