Жүктілік бойынша медициналық есепке қоюға арналған демалыс
См. статью на русском языке
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен қарастырылған әлеуметтік демалыстың бір түрі, он екі аптаға дейін жүктілігі бойынша медициналық есепке қоюға арналған демалыс болып табылады. ҚР ЕК 87 бабының 5 тармағының 6) тармақшасы.
Демалыс ұзақтығының ең азы 3 жұмыс күнін құрайды. Тараптардың келісімі бойынша жүкті қызметкерге осы мақсаттар үшін ұзақ мерзімді демалыс берілуі мүмкін.
Демалыстың бұл түрі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне 2020 жылы азаматтардың скринингтік зерттеуден өту жолымен аурулардың қазіргі заманғы профилактикасына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға түзетулер енгізу шеңберінде енгізілді. Еңбек кодексінің
126-1 бабында былай делінген: "Жүкті әйелдердің қарап-тексеру және он екі аптаға дейін жүктілік бойынша медициналық есепке қою уақытына жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі"
Осылайша, жүкті қызметкердің өтініші бойынша Жұмыс беруші оған медициналық есепке қою үшін демалыс беріп қана қоймай, демалыста болған кезеңін де төлеуге міндетті (орташа жалақы, орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелеріне сәйкес есептеледі).
Демалыста болған кезең Жұмыскердің еңбек өтіліне, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын есептеу үшін еңбек өтіліне саналады. Жұмыскердің тексерілу фактісін және оның ұзақтығын растайтын құжаттарды ұсыну міндеті заңнамада көзделмеген.
Жүктілігі бойынша медициналық есепке қоюға арналған демалыс үшін өтініш үлгісі.
Демалыс Жұмыс берушінің тиісті актісімен (бұйрығымен) жұмыскердің өтініші негізінде ресімделеді.
___________________________________
(мекеменің атауы, басшының Т.А.Ә.,
мысалы: "Радуга" ЖШС
директоры И.И.Ивановқа
__________________
(Т.А.Ә. лауазымын көрсету)
ӨТІНІШ
ҚР Еңбек кодексінің 87 бабының 5 тармағы 6 тармақшасына сәйкес Сізден "____"___________20___ж. "___"___________20___ж. аралығында ұзақтығы __________ (_____________)жұмыс күнге жүктілігім бойынша медициналық есепке қоюға арналған демалыс беруіңізді сұраймын.
"____"___________20___ж.
_______________Т.А.Ә., қолы
Данный материал отражает личную точку зрения автора и носит рекомендательный характер. Материал основан на нормативных правовых актах, действующих на дату публикации.
Задайте вопрос юристу
Получите развернутый ответ и рекомендации по вашему документу от профессионального юриста.

Часто задаваемые вопросы в категории «Трудовое право»
Что включается в стаж для исчисления оплачиваемого ежегодного трудового отпуска?
Вправе ли работодатель отказать беременной в предоставлении отпуска за неполный год?
Имеет ли право женщина выйти на работу до окончания отпуска по уходу за ребенком ?
Расчет отпуска с учетом праздничных и выходных дней в Казахстане?
Скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс
Экологический отпуск для лиц, проживающих в зоне экологического бедствия в Приаралье и пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском полигоне
Қазақстандағы еңбек демалысының түрлері
Виды отпусков в Казахстане
Актуальные вопросы начисления и выплаты компенсации за неиспользованный трудовой отпуск в Казахстане



