Қазақстанда жұмысқа орналасуға арналған құжаттар тізбесі
Жалпы ереже бойынша, еңбек шартын жасасу үшін жұмыскер ҚР Еңбек кодексінің 32-бабында көзделген құжаттарды ұсынуы тиіс.
Жұмыс берушінің Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
Жұмыскер құжаттардың түпнұсқаларын жұмыс берушіде сақтауға келіскен не оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдырған жағдайда жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.
Еңбек кодексінің 32 бабында келесі құжаттарды ұсыну көзделген:
1) Жеке куәлік немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік). Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
2) тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет;
6) жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары: жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары туралы анықтама (қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасаған жағдайда).
Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін қосымша құжаттар ұсыну көзделеді, атап айтқанда:
- адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама - кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама- квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа тұру кезінде.
Сондай-ақ шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасу үшін қосымша құжаттар ұсынылады. Қосымша ақпаратты осы мақаладан қараңыз.
Задайте интересующий Вас вопрос и получите консультации профессиональных юристов
Задать вопрос
-
Может ли гражданин РФ работать по совместительству в Казахстане?Может ли гражданин РФ (без вида на жительство в РК) работать по совместительству в двух ТОО (оба ТОО резиденты РК с одинаковой сферой деятельности) в идентичной должности генерального директора, как и на основном месте работы. А также нужно ли написать письмо в управление миграционной полиции с просьбой зарегистрировать работника-гражданина РФ в качестве трудового мигранта, если данная справка уже получена для основного места работы.Статьей 3 Закона РК «О правовом положении иностранцев» предусмотрено, что иностранцы в Республике Казахстан имеют все права и свободы, а также несут все обязанности, установленные Конституцией и в соответствии с законами Республики Казахстан и...
-
Место выполнения работыВ соответствии со статьей 28 Трудового кодекса в трудовом договоре необходимо указать место выполнения работы. Возникает вопрос, что понимается под местом выполнения работы и обязательно ли прописывать точный почтовый адрес офиса (улицу, номер дома)?На данный вопрос затруднительно дать однозначный ответ, поскольку понятие "место выполнения работы" Трудовым кодексом РК не определено. Попробуем разобраться в этом вопросе подробнее. Подпунктом 3) пункта 1 статьи 28 Трудового кодекса РК предусмотрено, ч...
-
Трудовой договор с директором ТООЗдравствуйте! У меня вопрос, как составить трудовой договор на директора ТОО, если он является и учредителем.Здравствуйте! Если единственный участник (учредитель) является и директором (исполнительным органом) товарищества с ограниченной ответственностью, трудовой договор не заключается. При этом приказ о назначении директора должен содержать трудовую функцию,...
-
Нужно ли заключать трудовой договор с генеральным директором ТОО?Здравствуйте. Генеральный директор ТОО работает на основании приказа. Нужно ли заключать с ним трудовой договор и нужно ли вносить его в енбек.кз?По вопросу заключения трудового договора с генеральным директором В соответствии с п. 4 ст. 30 Трудового кодекса Республики Казахстан, трудовой договор с руководителем исполнительного органа юридического лица заключается собственником имущества юридическо...
-
Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыскер қандай құжаттарды ұсынады?Последнее обновление: 25.11.2022.
Дата публикации: 25.11.2022. -
Трудовые отношения с директором (исполнительным органом) юридического лица по законодательству Республики КазахстанПоследнее обновление: 13.10.2023.
Дата публикации: 12.10.2022. -
Условия трудового договора в Казахстане - аналитический обзор законодательстваПоследнее обновление: 10.03.2024.
Дата публикации: 27.02.2023. -
Договор о неконкуренции с работникомПоследнее обновление: 23.01.2022.
Дата публикации: 23.01.2022. -
Документы при приеме на работу в КазахстанеПоследнее обновление: 11.03.2024.
Дата публикации: 15.08.2021.



