Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің шарттары
См. статью на русском языке
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айып төлеу туралы келісімнің міндетті жазбаша нысаны көзделген. Іс жүзінде айыппұл санкциялары шарт мәтініне тікелей енгізіледі.
Айып (айыппұл, өсім) төлеу тәртібі мен мөлшері жекелеген жағдайларды қоспағанда, заңнамамен реттелмейді.
Мысал ретінде келесі тұжырымдарды қолдануға болады:
Қызмет көрсету шарты бойынша тұрақсыздық айыбы туралы талаптар
Тапсырыс берушіге қатысты:
Көрсетілген қызметтердің актісімен расталған қызметтердің құнын төлеудің осы Шартта белгіленген мерзімдерін бұзғаны үшін, Тапсырыс беруші Орындаушыға оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін уақтылы төленбеген сомадан 0,1%, бірақ уақтылы төленбеген сомадан 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді. Алдын ала төлем сомасына тұрақсыздық айыбы есептелмейді.
2 - нұсқа:
Осы шартта белгіленген қызметтер құнын төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға, оның жазбаша талабы бойынша, мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,1%, бірақ осы шарт бойынша қызметтердің жалпы құнының 20 % (жиырма пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.
Егер мұндай бұзушылық 10 (он) жұмыс күнінен асатын болса, өсімпұл мөлшері кешіктірілген әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,5% құрайды және ең жоғары шектермен шектелмейді.
Тапсырыс беруші осы шартта көзделген басқа міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыға оның жазбаша талабы бойынша әрбір осындай жағдай үшін осы шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы құнының 5 % (бес пайызы) мөлшерінде біржолғы айыппұл төлейді.
Орындаушыға қатысты:
Осы шартта белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін Орындаушы Тапсырыс берушіге, оның жазбаша талабы бойынша, мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін уақтылы көрсетілмеген қызметтер құнының 0,1%, бірақ уақтылы көрсетілмеген қызметтер құнының 10 % (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.
2 - нұсқа:
Осы шартта белгіленген қызметтерді көрсету мерзімдерін (аралық мерзімдерді қоса алғанда) немесе қызметтердің кемшіліктерін жою мерзімдерін бұзғаны үшін Орындаушы Тапсырыс берушіге оның жазбаша талабы бойынша, мерзімі өткен әрбір күн үшін қызметтердің жалпы құнының 0,1%, бірақ қызметтердің жалпы құнының 20 % (жиырма пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.
Егер мұндай бұзушылық 10 (он) жұмыс күнінен асатын болса, өсімпұл мөлшері әрбір мерзімі өткен күн үшін осы шарт бойынша қызметтердің жалпы құнының 0,5% құрайды және ең жоғары шектермен шектелмейді.
Мердігерлік шарт бойынша тұрақсыздық айыбы туралы шарттар
Тапсырыс берушіге қатысты:
Орындалған жұмыстар актісімен расталған жұмыстардың құнын төлеудің осы шартта белгіленген мерзімдерін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Мердігерге оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін уақтылы төленбеген соманың 0,1%, бірақ уақтылы төленбеген соманың 10 % (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді. Алдын ала төлем сомасына тұрақсыздық айыбы есептелмейді.
2 - нұсқа:
Осы шартта белгіленген алдын ала төлеуді қоса алғанда, жұмыс құнын төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін, Тапсырыс беруші Мердігерге оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,1%, бірақ осы шарт бойынша жұмыстардың жалпы құнының 20 % (жиырма пайыз) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.
Егер мұндай бұзушылық 10 (он) жұмыс күнінен асатын болса, өсімпұл мөлшері әрбір мерзімі өткен күн үшін осы шарт бойынша жұмыстардың жалпы құнының 0,5% құрайды және ең жоғары шектермен шектелмейді.
Мердігерге қатысты:
Жұмысты орындаудың түпкі мерзімін бұзғаны үшін Мердігер Тапсырыс берушіге оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін уақтылы орындалмаған жұмыстар құнының 0,1%, бірақ уақтылы орындалмаған жұмыстар құнының 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді. Жұмыстарды орындаудың бастапқы және аралық мерзімдерін бұзғаны үшін мердігердің жауапкершілігі көзделмейді.
2 - нұсқа:
Осы шартта белгіленген жұмысты орындау мерзімдерін (бастапқы, түпкі және аралық мерзімдерді қоса алғанда) бұзғаны және/ немесе жұмыстың кемшіліктерін жою мерзімдерін бұзғаны үшін Мердігер Тапсырыс берушіге оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін осы шарт бойынша жұмыстың жалпы құнының 0,1%, бірақ жалпы жұмыс құнының 20 % (жиырма пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.
Егер мұндай бұзушылық 10 (он) жұмыс күнінен асатын болса, өсімпұл мөлшері әрбір мерзімі өткен күн үшін осы шарт бойынша жұмыстардың жалпы құнының 0,5% құрайды және ең жоғары шектермен шектелмейді.
Жұмыс нәтижелері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге келтірілген залалды өтеуге, сондай-ақ жұмыстардың жалпы құнының 5 % (бес пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
Тауар жеткізілімі шарты бойынша тұрақсыздық айыбы туралы талаптар
Сатып алушыға қатысты (өсімпұл):
Сатып алушы жеткізуші жеткізген және сатып алушы қабылдаған тауарларды төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда, Сатып алушы Жеткізушіге оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін уақтылы төленбеген соманың 0,1%, бірақ уақтылы төленбеген соманың 10 % (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл Сатып алушы тауарларға ақы төлеу мерзімін бұзғандығы туралы Жеткізушінің жазбаша шағымын алған күннен бастап есептеледі.
2 - нұсқа:
Сатып алушы тауарларға ақы төлеудің кез - келген мерзімін (алдын ала төлемді қоса алғанда) бұзған жағдайда, Сатып алушы Жеткізушіге оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әр бір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,1%, бірақ өзіндік ерекшелігіне сәйкес тауарлар партиясының жалпы құнының 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге міндетті.
Егер мұндай бұзушылық 10 (он) жұмыс күнінен асатын болса, өсімпұл мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін тауарлар партиясының жалпы құнының 0,5% құрайды және ең жоғары шектермен шектелмейді.
Сатып алушыға қатысты (айыппұл):
Сатып алушы тауарларға ақы төлеу мерзімін 30 (отыз) күннен асатын мерзімге бұзған жағдайда, Сатып алушы Жеткізушіге оның жазбаша талабы бойынша уақтылы төленбеген соманың 10% (он пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
Жеткізуші баратын жеріне дейін жеткізген тауарларды қабылдауды кідірткен жағдайда, Сатып алушы Жеткізушіге кідірістің әрбір сағаты үшін 5 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.
Жеткізушінің қоймасында тауарларды уақтылы іріктемеген жағдайда, Сатып алушы тауарды қабылдауды кешіктірген әрбір күн үшін Жеткізушіге 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.
Сатып алушы тауарларды қабылдаудан негізсіз бас тартқан жағдайда, Сатып алушы Жеткізушіге өзіндік ерекшелігіне сәйкес тауарлардың тиісті партиясы құнының 10 % (он пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеуге, сондай-ақ Жеткізушіге көлік құралдарын кешіктіргені (жай тұруы) үшін айыппұл санкцияларын қоса алғанда, қабылданбаған тауарларды тасымалдау, тиеу, түсіру және сақтау бойынша өзі жүргізген шығыстарды төлеуге міндетті.
Сатып алушы тауарларды (жүк құжаттарды, қабылдау-тапсыру актілерін, салыстыру актілерін және басқаларын) алғанын растайтын қол қойылған құжаттарды Жеткізушіге беру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, Жеткізушінің жазбаша хабарламасына қарамастан, Сатып алушы Жеткізушіге оның жазбаша талабы бойынша өзіндік ерекшелігіне сәйкес тауарлардың тиісті партиясының құнынан 5 % (бес пайыз) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
Жеткізушіге қатысты:
Жеткізуші тауарларды жеткізу мерзімін бұзған жағдайда, Жеткізуші Сатып алушыға оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін өзіндік ерекшелігіне сәйкес уақтылы жеткізілмеген тауарлар құнынан 0,1%, бірақ уақтылы жеткізілмеген тауарлар құнынан 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл Жеткізуші Сатып алушының тауарларды жеткізу мерзімін бұзу туралы жазбаша шағымын алған күннен бастап есептеледі.
Сатып алушының өтініші немесе талабы бойынша, оның ішінде электрондық пошта немесе өзге де байланыс құралдары арқылы жіберілген тауарларды жеткізуді кейінге қалдыру тауарларды жеткізу мерзімін бұзу ретінде қаралмайды.
Сатып алушының осы Шарт бойынша Жеткізушінің алдында Сатып алушының талап қою сәтіне мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, Жеткізуші тауарларды жеткізу мерзімін бұзғаны үшін жауаптылықтан босатылады.
2-нұсқа:
Жеткізуші тауарларды жеткізу мерзімін бұзған жағдайда, Жеткізуші Сатып алушыға оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы жеткізілмеген тауарлар құнынан 0,1%, бірақ сипаттамаға сәйкес тауарлар партиясының жалпы құнынан 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге міндетті.
Жеткізуші тауарларды жеткізу мерзімдерін 30 (отыз) күннен асатын мерзімге бұзған жағдайда, өсімпұл мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін тауарлар партиясының жалпы құнынан 0,5%-ды құрайды және ең жоғары шектермен шектелмейді.
Жеткізуші кепілдік міндеттемелерді орындау шеңберінде тауарларды ауыстыру мерзімін бұзған жағдайда, Жеткізуші Сатып алушыға оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін ауыстыруға жататын тауарлар құнынан 0,1% мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
Жеткізуші осы Шартта көзделген Сатып алушы төлеген тауарлар үшін ақшаны қайтару мерзімдерін бұзған жағдайда, Жеткізуші Сатып алушыға оның жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген сомадан 0,1% мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
Жеткізуші тауарларды Сатып алушыға беру жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, ҚР Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес, алдын ала төлем сомасына осы соманы алған күннен бастап тауарларды Сатып алушыға берген немесе оған алдын ала төленген соманы қайтарған күнге дейін тұрақсыздық айыбы төленуге тиіс.
Тиісті сапасыз тауарлар жеткізілген жағдайда, оның ішінде тауарлардың тиісті емес сапасы оларды пайдалану (қолдану, өткізу) кезінде тауарлардың кепілдік мерзімі/жарамдылық мерзімі/сақтау мерзімі/қызмет ету мерзімі ішінде белгіленетін болса, Жеткізуші Сатып алушыға сапасыз тауарлар құнынан 5% (бес пайыз) мөлшерінде біржолғы айыппұл төлейді.
Жеткізуші Тараптар бекіткен сипаттама бойынша тауарлар партиясын жеткізуден бас тартқан кезде, сондай-ақ Жеткізушінің шарттық міндеттемелерді бұзуы салдарынан Сатып алушы тауарлар партиясын қабылдаудан негізді бас тартқан кезде, соңғысы Сатып алушыға оның жазбаша талабы бойынша есептелген өсімпұл сомасынан тыс тиісті сипаттама бойынша тауарлар партиясының жалпы құнынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұл төлеуге және келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
Задайте интересующий Вас вопрос и получите консультации профессиональных юристов
Задать вопрос
-
Наследник умер раньше завещателяУмерла бабушка. Есть завещание, по которому наследниками являются ее сын и дочь (50/50). Есть еще старший сын, но в завещании он не указан (были плохие отношения с матерью). Сын, который указан в завещании умер на несколько месяцев раньше бабушки, но завещание она не меняла, об этом не подумали. Вопрос: что будет с долей умершего наследника. Она достанется его наследникам (сыну и жене), сестре (второй наследнице по завещанию) или есть другие варианты?См. также: актуальные статьи и ответы юристов по наследственному праву. Данный вопрос регулируется нормами Гражданского кодекса Республики Казахстан. Так, в соответствии со статьей 1044 Кодекса, наследниками по завещанию и закону могу...
-
Разрешение на временное проживание учредителю ТОО (он же директор)Вопрос по оформлению РВП: я гражданин РФ, планирую открыть ТОО в Алматы и стать его единственным учредителем и директором, получить РВП. Затем (примерно через месяц) приедет моя супруга с сыном 2.5 лет и тоже буду подавать на РВП. Вопрос: когда я буду подавать на РВП, нужно ли мне каким-то образом указать данные супруги и сына и какие документы от них потребуются? Когда они приедут и мы будем оформлять РВП для них, потребуется ли переоформлять РВП для меня?См. также: "Правила пребывания граждан РФ на территории РК" В соответствии с п. 10 Правил въезда и пребывания иммигрантов в РК, РВП оформляется на основании обращений: 1) физических лиц, к которым иммигранты прибыли с целью воссоединения семьи; 2)...
-
Можно ли ездить в командировки работнику-инвалиду?Работаю монтажником специального оборудования для пожаротушения. В прошлом году установлена 3 группа инвалидности. На возможность выполнения работы проблемы со здоровьем в данное время не влияют.Такое утверждение не совсем верно. В соответствии с пунктом 4 статьи 127 Трудового кодекса РК, направление в командировку работников, не достигших 18-летнего возраста, беременных женщин, а также работников с инвалидностью допускается, если такая работа не...
-
Как делится наследство?Добрый день! У меня двое совершеннолетних детей. В прошлом месяце обнаружено «не хорошее» заболевание. В связи с этим встал вопрос, в случае моей смерти принадлежащее мне имущество будет делиться только между моими детьми, или кто- то из родственников (родители, муж, брат) вправе на него претендовать? Имущество нажито в браке.В соответствии со статьей 1070 Гражданского кодекса РК, принадлежащее супругу в силу завещания или закона право наследования не затрагивает других его имущественных прав, связанных с состоянием в браке с наследодателем, в том числе права собствен...
-
Примерные условия договора о неустойкеПоследнее обновление: 17.05.2025.
Дата публикации: 22.04.2025. -
Формы сделок по законодательству Республики КазахстанПоследнее обновление: 15.03.2024.
Дата публикации: 16.01.2023. -
Образец валютной оговоркиПоследнее обновление: 29.12.2022.
Дата публикации: 28.12.2022. -
Публичный договор - условия заключенияПоследнее обновление: 12.01.2023.
Дата публикации: 29.04.2022. -
Особенности неустойки по договору о государственных закупкахПоследнее обновление: 27.03.2023.
Дата публикации: 26.08.2021.