Қазақстандағы демалыс және мерекелер
Қазақстандағы мерекелер
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңға сәйкес Қазақстанда атап өтілетін мерекелер:
- Ұлттық - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.
- Мемлекеттік - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
- Кәсіби және өзге де - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.
ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері – ұлттық және мемлекеттік мереке күндері бұл атап өтілетін күндер және олар жұмыс күні емес болып табылады.
Кәсіби және өзге де мерекелер мереке күндері болып табылады. Мереке айырмашылығы, мереке күні демалыс күніне сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, бұл күндер жұмыс істейді.
Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күні
Республика күні – бұл - 25 қазанда атап өтілетін Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Советінің «Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жөнінде Қаулысы тарихи құжат қабылданды.
Осы декларацияны қабылдау арқылы Қазақстанның өз аумағы, өзінің ішкі әскерлері, Жоғарғы Кеңес пен Президентке бағынатын және бақылауындағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары, Одақтан еркін шығу құқығы бар егеменді мемлекет ретіндегі мәртебесі жарияланды.
Құжат мемлекет қызметінің саяси-құқықтық негіздерін, халықаралық қатынастардың дербес субъектiсi болуға, сыртқы саясатты өз мүдделерiне сай белгiлеуге, дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның iшiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандандырылған мекемелерiнiң қызметiне қатысуға правосын қоса декларациялады.
Ұлттық мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде: территориясы бөлiнбейдi және оған қол сұғылмайды, қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетiн, дәстүрiн, тiлiн қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадiр-қасиетiн нығайту болып белгіленді.
Сонымен қатар, ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерi (химиялық, бактериологиялық, биологиялық және басқалар) үшiн сынау полигондарын салуға және олардың жұмыс iстеуiне Республика территориясында тыйым салынады.
1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 1991 жылдың 16 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.
Қазақстанның мемлекеттік мерекелері
Мемлекеттік мерекелер:
- 1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
- 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
- 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
- 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
- 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
- 9 мамыр - Жеңіс күні;
- 6 шілде - Астана күні;
- 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
- 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні болып табылады.
Қазақстандағы демалыс күндері
ҚР Еңбек кодексінің 84 бабына сәйкес жұмыскерлерге апта сайын демалыс күндері:
- төрт күндік жұмыс аптасында – аптасына үш демалыс күні;
- бес күндік жұмыс аптасында – аптасына екі демалыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында – бір демалыс күні беріледі.
Барлық жағдайда жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасы кезіндегі екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.
Қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) қарамастан, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.
Егер жұмыскер іссапарда болса, оған өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тәртіптемесі қағидаларына сәйкес демалыс күндері беріледі.
Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге демалыс күндері ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) сәйкес аптаның әр күндері кезекпен беріледі.
Жылжымалы жұмыс кестесі бар жұмыскерлерге еңбек шартының ережелеріне немесе ауысымдық кестелерге сәйкес аптаның әртүрлі күндерінде жылжымалы кесте бойынша демалыс күндерін бере отырып, жұмыс аптасы белгіленеді.
Қазақстандағы мереке күндері
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қаулыға сәйкес мереке күндері болып табылады.
1. |
Ұлттық басылым күні |
– 2 ақпан |
1-1. |
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні |
– 15 ақпан |
2. |
Алғыс айту күні |
– 1 наурыз |
2-1. |
Ұлттық кітап күні |
– 23 сәуір |
3. |
Аналар күні |
– мамырдың екінші жексенбісі |
4. |
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні |
– 31 мамыр |
5. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні |
– 4 маусым |
6. |
Әкелер күні |
– маусымның үшінші жексенбісі |
7. |
Ұлттық домбыра күні |
– шілденің бірінші жексенбісі |
8. |
Абай күні |
– 10 тамыз |
9. |
Спорт күні |
– тамыздың үшінші жексенбісі |
10. |
Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні |
– 29 тамыз |
11. |
Білім күні |
– 1 қыркүйек |
12. |
Отбасы күні |
– қыркүйектің екінші жексенбісі |
13. |
Қазақстан халқы тілдері күні |
– 5 қыркүйек |
14. |
Еңбек күні |
– қыркүйектің соңғы жексенбісі |
15. |
Қарттар күні |
– 1 қазан |
15-1. |
Радио күні |
– 1 қазан |
16. |
Нан күні |
– 16 қазан |
17. |
Энергия үнемдеу күні |
– 11 қараша |
18. |
Ұлттық валюта – теңге күні |
– 15 қараша |
19. |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні |
– 1 желтоқсан |
Қазақстандағы кәсіби мерекелер
Кәсіби мерекелердің тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
1. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні |
– 10 қаңтар |
2. |
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні |
– 1 ақпан |
3. |
Ұлттық басылым күні |
– 2 ақпан |
4. |
Жерге орналастыру, геодезия және картография күні |
– наурыздың екінші сенбісі |
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні |
– 7 сәуір |
6. |
Геолог күні |
– сәуірдің бірінші жексенбісі |
7. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні |
– 16 сәуір |
8. |
Ғылым қызметкерлері күні |
– 12 сәуір |
9. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні |
– 21 сәуір |
10. |
Байланыс қызметкерлері күні |
– 17 мамыр |
11. |
Метрология қызметкерлерінің күні |
– 20 мамыр |
12. |
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні |
– 21 мамыр |
13. |
Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні |
– мамырдың соңғы жексенбісі |
14. |
Эколог күні |
– 5 маусым |
15. |
Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні |
– 7 маусым |
16. |
Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні |
– 9 маусым |
17. |
Полиция күні |
– 23 маусым |
18. |
Мемлекеттік қызметші күні |
– 23 маусым |
19. |
Судья және сот қызметкері күні |
– 24 маусым |
20. |
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні |
– маусымның екінші жексенбісі |
21. |
Малшылар күні |
– маусымның екінші жексенбісі |
22. |
Медицина қызметкері күні |
– маусымның үшінші жексенбісі |
23. |
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні |
– 28 маусым |
24. |
Дипломатиялық қызмет күні |
– 2 шілде |
25. |
Су шаруашылығы қызметкерлері күні |
– 9 шілде |
26. |
Ветеринариялық қызметкер күні |
– 10 шілде |
27. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні |
– 13 шілде |
28. |
Нотариат күні |
– 14 шілде |
29. |
Балық шаруашылығы қызметкерлері күні |
– шілденің екінші жексенбісі |
30. |
Металлург күні |
– шілденің үшінші жексенбісі |
31. |
Сауда қызметкерлері күні |
– шілденің төртінші жексенбісі |
32. |
Көлік қызметкерлері күні |
– тамыздың бірінші жексенбісі |
33. |
Құрылысшы күні |
– тамыздың екінші жексенбісі |
34. |
Шекарашылар күні |
– 18 тамыз |
35. |
Шахтер күні |
– тамыздың соңғы жексенбісі |
36. |
Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні |
– қыркүйектің бірінші сенбі |
37. |
Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні |
– қыркүйектің бірінші жексенбісі |
38. |
Атом саласы қызметкерлері күні |
– 28 қыркүйек |
39. |
Әділет органдары қызметкерлері күні |
– 30қыркүйек |
40. |
Машина жасаушы күні |
– қыркүйектің соңғы жексенбісі |
41. |
Радио күні |
– 1 қазан |
42. |
Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн |
– 1 қазан |
43. |
Мұғалім күні |
– 5 қазан |
44. |
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні |
– 6 қазан |
45. |
Қазақстан кәсіптік одақтарының күні |
– 10 қазан |
46. |
Стандарттау қызметкерлерінің күні |
– 14 қазан |
47. |
Құтқарушы күні |
– 19 қазан |
48. |
Орман шаруашылығы қызметкері күні |
– қазанның үшінші жексенбісі |
49. |
Кітапханашы күні |
– 24 қазан |
50. |
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні |
– қазанның соңғы жексенбісі |
51. |
Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні |
– 29 қазан |
52. |
Сыртқы барлау күні |
– 5 қараша |
53. |
Статистика күні |
– 8 қараша |
54. |
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні |
– 10 қараша |
55. |
Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күні |
– 15 қараша |
456. |
Бұрғылаушы күні |
– қарашаның үшінші сенбісі |
57. |
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні |
– қарашаның үшінші жексенбісі |
58. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні |
– 18 қараша |
59. |
Адвокатура күні |
– 5 желтоқсан |
60. |
Прокуратура күні |
– 6 желтоқсан |
61. |
Энергетик күні |
– желтоқсанның үшінші жексенбісі |
62. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні |
– 20 желтоқсан |
63. |
Архивші күні |
– 22 желтоқсан |
Задайте интересующий Вас вопрос и получите консультации профессиональных юристов
Задать вопрос-
8 марта - Международный женский день в КазахстанеИстория праздника начинается с конца XIX века, когда женщины на стали бороться за свои права и свободу. На сегодняшний день, официальный праздник под названием Международный женский день отмечают во всех постсоветских странах, включая Казахстан. Также 8 марта отмечают в Китае, Северной Корее, Буркина-Фасо.
-
Календарь праздников в Казахстане на 2025 годКалендарь праздничных и выходных дней в Казахстане на 2025 год, архивы с 2021 по 2024 годы.
-
Наурыз Мейрамы в КазахстанеСо своими традициями и обычаями - Наурыз, праздник весны очень почитают жители Казахстана. Это то время, когда после холодной зимы обновляется природа. Нуарыз отображает быт народов Казахстана. Воспевается национальная культура и искусство, чтятся традиции и обычаи предков.
-
День Победы - 9 мая в КазахстанеВ Казахстане День Победы является государственным праздником, это значимый и почитаемый праздник для казахстанцев. Праздничным днем является 9 мая. Празднование Дня Победы отмечается различными мероприятиями и церемониями. Проводятся концерты и церемониальные возложения венков и цветов к памятникам, на мероприятиях чествуют ветеранов и труженников тыла.
-
День Столицы в КазахстанеПоследнее обновление: 23.03.2024.
Дата публикации: 21.03.2024. -
День Конституции Республики КазахстанПоследнее обновление: 21.03.2024.
Дата публикации: 21.03.2024. -
Выходные и праздники в КазахстанеПоследнее обновление: 14.01.2025.
Дата публикации: 28.09.2022. -
День защитника Отечества - 7 мая в КазахстанеПоследнее обновление: 22.03.2024.
Дата публикации: 7.04.2021. -
День Победы - 9 мая в КазахстанеПоследнее обновление: 22.03.2024.
Дата публикации: 7.04.2021.